Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің 2020 ─ 2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Михайлов ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.
Ауылдық округ бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 422/6 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2020 жылғы 06 қаңтарда № 6706 болып тіркелген.
Михайлов ауылдық округінің құрамына төрт елді мекен кіреді: Михайловка, Красновка, Петропавловка, Мыңкөл.
Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі 88798,0 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер -41950,0 га.
Халық саны - 1895 адам, оның ішінде ерлер - 946 адам, әйелдер - 949 адам. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлер – 376, 16-дан 29-ға дейінгі жастар – 357, оқушылар - 205, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 212, ашық нарықта жұмыссыздар - 46, тіркелген жұмыссыздар - 11 адам.
Әлеуметтік салада 1 орта білім беру мектебі, 2 негізгі жалпы білім беру мектебі жұмыс істейді. Барлық мектептер интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған. Мектептерде шағын орталықтар жұмыс істейді. Михайловка ЖОББМ жанында мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді. Сонымен қатар: 1 дәрігерлік амбулатория, 1 дәріхана, 3 медициналық пункт, 5 төсектік ДА-да күндізгі стационар, Михайловка ауылындағы ауылдық Мәдениет үйі, 2 кітапхана, Коворкинг орталық, әмбебап спорт алаңы (біреуінде 3) жұмыс істейді.
Қызмет көрсету саласында пошта бөлімшесі, 18 дүкен, наубайхана -1, мемлекеттік тұқым сынау станциясы, «Мыңкөл элеваторы» ЖШС, ветеринарлық пункт, метеостанция, АТС, «Мирный» ЖШСУ, Михайлов орманшылығы, өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Михайловка ауылында «Тұрсын» заставасы, Мыңкөл ауылында Халықаралық өткізу пункті, Петропавловка ауылында «Петропавловка –Березовка» ЖӨП жұмыс істейді.
Михайлов ауылдық округі бойынша 54 км жол бар. Оның ішінде - 29 км көше жолдары және 25 км кентаралық және орталық сумен жабдықтау. Көшелер жарықтандырылған, Павлодар қаласы мен Железинка ауылында автобус қатынасы бар. Балаларды білім беру объектілеріне дейін және кері тасымалдау жүзеге асырылады.