Железин ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің  (Салық кодексі) 529 -бабы 6- тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы «Аймаққа бөлукоэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 475 бұйрығына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Железин ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерібекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Железин ауданының әкімі                              Қ. Кашкиров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы Қаржы

Министрлігінің мемлекеттік кірістер

Комитеті Павлодар облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер Департаментінің

Железин ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасы» Республикалық

мемлекеттік мекеменің басшысы

А. Бенера

2020 жылғы «___»_____________

Дата публикации
06 ноября 2020