Учаскелік сайлау комиссиясы құрамының өзгерту туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағының негізінде, Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 50 қаулысына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының құрамындағы өзгерістер туралы ақпаратты жариялаймыз.

Сайлау науқаны кезеңіне № 232 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сауле Кимашевна Орынтаеваның міндеттерін орындау уақытша тоқтатылды.

Міндеттерін тоқтата тұрған № 232 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесінің орнына Кайрат Казбекович Абильдинов тағайындалды.

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 июня 2025