Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 қазандағы № 1-13/353 ұсынысы негізінде әзіріленді.
Шешім қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Озерный ауылдық округінің Озерное ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантиндітоқтатылсын.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2020 жылғы 10.12 «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.