«Железин ауданының Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу

Қажетті құжаттардың тізбесі:

Бірінші кезең: 1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқықты сатып алуға өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары). Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау - 12 (он екі) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу - бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;

2) жер комиссиясының оң шешімі (елді мекеннен тыс орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы оң қорытынды (елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда - 13 (он үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде; 2) елді мекеннен тыс орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда - 16 (он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде. Көрсетілген мерзімдерге:

жер учаскесін сатып алу-сату немесе жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу.

Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде не бөліп-бөліп сату

Қажетті құжаттардың тізбесі: - көрсетілетін қызметті берушіге:

1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;

2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

- порталға:

1) ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе бір реттік паролімен куәландырылған 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;

2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.

Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.

Қажетті құжаттардың тізбесі: бірінші кезең:

Егер олар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Жер кодексі) 71-бабына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылыстар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар осы Кодекстің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен:

1)Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат.

Екінші кезең: келісілген жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі/электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға және топографияға техникалық шарттарды жасау - 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар үшін ақы төлеген кезде, жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу - 18 (он сегіз) жұмыс күні.

Жер учаскесін алуға кезекке қою.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік паролімен куәландырылған электрондық құжат нысанында «Жер учаскесін алуға кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алуға кезекке қоюға өтініш.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 20 (жиырма) минут ішінде.

Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту

Қажетті құжаттардың тізбесі:

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);
3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі (шарт туралы ақпарат біріңғай мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады);

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 10 (он) жұмыс күні ішінде. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері: «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі:

1)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіне сәйкес; 2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz; 2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;

3) порталда.

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы                                   8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар:

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «электрондық үкімет» веб-порталындағы «пайдаланушы кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Дата публикации
12 июня 2025