«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру. Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маман-баспасөз хатшысы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.06.2025 - 18.06.2025
Қабылдау 1 этап: 19.06.2025- 23.06.2025
Қабылдау 2 этап: 25.06.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 26.06.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
29.06.2025
Сұхбат: 02.07.2025
Анықтама телефоны: 87776444695
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесінің бас маман-баспасөз хатшысы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Электрондық және баспа БАҚ, әлеуметтік желілер үшін хабарламаларды
құру және тарату. Баспасөзге арналған іс-шараларды өткізу (баспасөз
конференциялары, брифингтер, сұхбаттар, тікелей эфирлер және т.б.). Желілік
ортада кері байланысты қалыптастыру және қадағалау, ақпараттық өрістің
мониторингі. PR-науқандарды және әр түрлі іс-шараларды кешенді
ұйымдастыру. Әлеуметтік желілердегі аккаунттарды модерациялау, сондай-ақ
интернетте мемлекеттік органды брендтеу. Мемлекеттік органдардың есебінде
де, белгілі қоғамда да түсініктеме жұмысын енгізу, жағымсыз және
дағдарыстық жарияланымдарға ақпараттық ден қою бойынша жедел шешім
қабылдау. Бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы мониторингін жүзеге
асырады, бейресми байланыстар жасайды және БАҚ басшыларымен
ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету туралы келіссөздер жүргізу. Аудан
әкімінің ресми WEB-сайтын жаңарту және қолдау жөніндегі жұмысты
ұйымдастыру. Аудан әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқару. Аудан
әкімінің қатысуымен өткен кеңестің хаттамаларын жүргізу, әкім
тапсырмаларының жүйелендіру.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
құқық, бизнес және басқару, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді
даярлау, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және
ақпарат, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, заңгер
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс
өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен
кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
11 июня 2025