Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.06.2025 - 18.06.2025
Қабылдау 1 этап: 19.06.2025- 23.06.2025
Қабылдау 2 этап: 25.06.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 26.06.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
29.06.2025
Сұхбат: 02.07.2025
Анықтама телефоны: 87776444695
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
'Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі' ММнің бас
маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Ақпараттық түсіндіру жұмыс жүргізу. Мемлекеттік реформаларды,
Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдігінің саясатын түсіндіру
және насихаттау. Ауданның ақпараттық-насихаттық топтарының қызметінің
ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Ауданның селолық округтеріндегі
ақпараттық-насихаттық топтарының қызметін үйлестіру. Жергілікті деңгейде
мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізу үшін мемлекеттік тапсырысты
орындау бойынша аудандық газет, радио арқылы жұмыстарды ұйымдастыру.
Қоғамдық-саяси салада іс шараларды өткізу. Саяси партиялармен өзара қарымқатынас. Үкіметтік емес ұйымдармен байланыс. Әлеуметтік-саяси
жарнамалардың жағдайы мен мазмұнына бақылауды жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
құқық және экономика негіздері, менеджмент, журналистика, маркетинг,
қоғамдық байланыс, құқық, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару,
жобаларды басқару, гуманитарлықғылымдар, гуманитарлық пәндер бойынша
мұғалімдер даярлау, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау,
тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, заңгер, дін және теология, тілдерді
оқу
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.