2025 жылғы 3 маусымда сағат 18.00-де Железин ауданы Башмачин, Қазақстан ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Башмачин ауылдық округі бойынша:
Барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (25 %) – саяси партиясымен, 3 (75 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік - 4 адам.
Қазақстан ауылдық округі бойынша:
Барлығы 4 кандидат ұсынылды, барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша.
Орташа бәсекелестік - 4 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 8 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы