2025 жылдың 29 маусымына тағайындалған, Павлодар облысы Железин ауданы Башмачин, Қазақстан ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

1. Железин ауданының Башмачин, Қазақстан ауылдық округтерінің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді)  сайлауын тағайындау 

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 21 мамыр

(113-1-б. 1-т. 1) т.т., 2-т.)

2. Железин ауданының сайлау округтерінің  тізімін, оның шекаралары мен Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

2025 жылдың  31 мамырдан кешіктірмей                                                                                                                                         

 (22-б. 2-т.)

3. Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

 2025 жылдың  31 мамырдан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей -

2025 жылдың  5  маусымнан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Железин ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

  Железин ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде -

2025 жылдың  5  маусымнан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2025 жылдың 22 мамырдан басталады және 2025 жылдың 3 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

  (113-3-б. 1, 5-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(113-2-б. )

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т.т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 3-т.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып.

Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардың қол қою парақтары Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

 (113-4-б. 8, 9-т.)

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының  1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу 2025 жылдың 1 қаңтарына

 

Әкім болуға кандидаттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б.  2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну - 2025 жылдың 1 мамырына

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидатты тіркегенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады

2025 жылдың 22 мамырда басталады және 2025 жылдың 8 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б. 14-т.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылдың 8 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылдың 28 маусымда жергілікті уақытпен сағат 00.00-де аяқталады

 (27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

          19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

Железин ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылдың  9 маусымына дейін

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2025 жылдың 14 маусымынан бастап

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылдың 19 маусымына дейін

(18-б. 5) т.т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

Ерте дегенде 2025 жылдың 26 маусымы және кемінде 2025 жылдың 28 маусымы

 (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 2025 жылдың 29 маусымы жергілікті уақыт бойынша

 сағат 06:00-де

 (40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8) т.т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін сайлау учаскесінің үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшін арнайы белгіленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкімдерді сайлау қорытындыларын белгілеу

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылдың 2 шілдеден кешіктірмей

 (113-10-б. 1 т.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылдың 5 шілдеден кешіктірмей

 (44-б. 4-т. 3) т.т.)

30. Сайланған әкімддерді тіркеу, тиісті куәліктерді беру

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2025 жылдың 5 шілдеден кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т.)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Дата публикации
21 мая 2025