Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің 2025 ─ 2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Михайлов ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.
Ауылдық округ бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.
Михайлов ауылдық округінің құрамына төрт елді мекен кіреді: Михайловка, Красновка, Петропавловка, Мыңкөл.
Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі 88798,0 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер -43375,0 га.
Халық саны - 1827 адам, оның ішінде ерлер - 910 адам, әйелдер - 917 адам. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлер – 335, 16-дан 29-ға дейінгі жастар – 334, оқушылар - 186, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 218, ашық нарықта жұмыссыздар - 0, тіркелген жұмыссыздар - 0 адам.
Әлеуметтік салада 1 орта білім беру мектебі, 2 негізгі жалпы білім беру мектебі жұмыс істейді. Барлық мектептер интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған. Мектептерде шағын орталықтар жұмыс істейді. Михайловка ЖОББМ жанында мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді. Сонымен қатар: 1 дәрігерлік амбулатория, 1 дәріхана, 3 медициналық пункт, 5 төсектік ДА-да күндізгі стационар, Михайловка ауылындағы ауылдық Мәдениет үйі, 2 кітапхана, Коворкинг орталық, әмбебап спорт алаңы (біреуінде 3) жұмыс істейді, Михайловка а. хоккей корты, Мыңкөл а. футбол алаңы
Қызмет көрсету саласында пошта бөлімшесі, 18 дүкен, наубайхана -1, мемлекеттік тұқым сынау станциясы, «Мыңкөл элеваторы» ЖШС, ветеринарлық пункт, метеостанция, АТС, «Мирный» ЖШСУ, Михайлов орманшылығы, өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Михайловка ауылында «Тұрсын» заставасы, Мыңкөл
ауылында Халықаралық өткізу пункті, Петропавловка ауылында «Петропавловка –Березовка» ЖӨП жұмыс істейді.
Михайлов ауылдық округі бойынша 58,9 км жол бар. Оның ішінде - 29 км көше жолдары 25 км кентаралық және елді мекендерге 4,9 км кірме жолдар
және орталық сумен жабдықтау. Көшелер жарықтандырылған, Павлодар қаласы мен Железинка ауылында автобус қатынасы бар.
Бюджет көлемі
1.2. «Михайлов ауылдық округінің түсімдері мен шығыстары»
Мың теңге
|
Атауы
|
2025 жыл бағалау
|
2026 жыл болжам |
2027 жыл болжам |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
ТҮСІМДЕР –барлығы |
65350 |
63996 |
65366 |
|
Меншікті кірістер, оның ішінде: |
14788 |
13796 |
14485 |
|
Салықтық түсімдер |
14568 |
13565 |
14242 |
|
Салықтық емес түсімдер |
220 |
232 |
243 |
|
Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде: |
50562 |
50199 |
50881 |
|
Субвенция |
49502 |
50199 |
50881 |
|
Трансферттер |
1060 |
0 |
0 |
Михайлов ауылдық округінің бюджетіне 2025 жылға салық түсімдерінің құрылымы
Михайлов ауылдық округі бюджетінің шығындары
|
Атауы |
2025 жыл бағалау
|
2026 жыл болжам |
2027 жыл болжам |
|
ШЫҒЫНДАР-барлығы, |
66453 |
63996 |
65366 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
Мемлекеттік қызметтер |
47214 |
47652 |
48244 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
13372 |
12310 |
12924 |
|
Көлік және коммуникация |
5777 |
3932 |
4090 |
|
Денсаулық сақтау |
23 |
26 |
28 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
0 |
0 |
0 |
|
Басқалар |
65 |
76 |
79 |
Михайлов ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары
Михайловка ауылдық округінің бюджет шығындарының 71%-ын мемлекеттік қызмет көрсету саласына шығындар құрайды
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары жалпы сипаттағы қызметтер
Мың теңге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған бюджет шығыстары, барлығы |
47214 |
47652 |
48244 |
|
Оның ішінде |
|
|
|
|
жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
47214 |
47652 |
48244 |
|
Қорғаныс |
- |
- |
- |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 47214 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды.
Михайлов ауылдық округінің бюджет шығындарының 0,05%-ын денсаулық сақтау саласына шығындар құрайды
Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
Мың.теңге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары, барлығы |
23 |
26 |
28 |
|
Оның ішінде |
|
|
|
|
Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру |
23 |
26 |
28 |
Денсаулық сақтау саласында шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру үшін 2025 жылға 25 мың теңге сомасында шығыстар көзделген
Михайлов ауылдық округінің бюджет шығыстарының 0,1% -ын мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына шығындар құрайды
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары
Мың.теңге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке арналған бюджет шығыстары, барлығы |
65 |
76 |
79 |
|
Оның ішінде |
|
|
|
|
Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу |
65 |
76 |
79 |
2025 жылға жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізуге 65 мың теңге сомасында шығындар көзделген.
Михайлов ауылдық округінің бюджет шығындарының 20,1 %-ын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары құрайды
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары
Мың.теңге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған бюджет шығыстары, барлығы |
13372 |
12310 |
12924 |
|
Оның ішінде |
|
|
|
|
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың , кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру |
0 |
0 |
0 |
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
11089 |
9911 |
10406 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
1321 |
1387 |
1456 |
|
Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу |
21 |
24 |
25 |
|
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
941 |
988 |
1037 |
|
Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру |
0 |
0 |
0 |
2025 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығындары:
-Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ қолданыстағы жарықтандыруды ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге 11089 мың теңге сомасында қарастырылған.
- Михайловка ауылында және оның шағын ауылдарында қоқыс тастайтын жерлерді күтіп-ұстауға және қоқыстарды шығаруға елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету - 1321 мың теңге
- Жерлеу орындарын ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу -21 мың теңге.
- Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру -941 мың теңге сомасында қарастырылған.
Михайлов ауылдық округінің бюджет шығындарының 8,7 %-ын көлік және коммуникация шығындары құрайды
Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары
Мың.теңге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары, барлығы |
5777 |
3932 |
4090 |
|
Оның ішінде |
|
|
|
|
Аудандық маңызы бар қалаларда , ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
5777 |
3932 |
4090 |
Ауылдық округтің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін үздіксіз қамтамасыз ету үшін 5777 мың теңге қаражат қарастырылған.