«Карантинді тоқтату және Железин ауданы Ақтау ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі «Железин ауданы Ақтау ауылдық округі Ақтау ауылының аумағында карантин белгілеу туралы» № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімнің жобасына баспасөз релизі

Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы    23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 26 қазандағы № 1-13/350 ұсынысы негізінде әзірленді.

Шешім қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Ақтау ауылдық округінің Ақтау ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2020 жылғы 10.12 «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
10 декабря 2020