Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.04.2025 - 24.04.2025
Қабылдау 1 этап: 25.04.2025- 29.04.2025
Қабылдау 2 этап: 02.05.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 03.05.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
07.05.2025
Сұхбат: 12.05.2025
Анықтама телефоны: 87776444695
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлеу
және жүзеге асыру. Спорт түрлері бойынша аудандық деңгейде жарыстар
өткізу. Аудандық құрама командалардың спорт түрлері бойынша дайындығын
және олардың облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Аудан
аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту. Екінші
және үшінші, жасөспірімдер арасындағы бірінші, екінші және үшінші,
біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі
жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық
разрядтар мен санаттар беру бойынша ұсыныстар енгізу. Аудандық спорттық-
бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру.
Аудан аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру. Аудан
аумағындағы спорттық іс-шараларды өткізу және ұйымдастыруды үйлестіру.
Облыстық атқару органына аудан бойынша дене шынықтыру мен спорттың
дамуы бойынша мәлімет ұсыну. Өңірдің туристік саласын дамыту бойынша
өңірлік тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен іс-шараларды, жоспарларды
әзірлеуді ұйымдастыру. Туристік саланы дамыту жөніндегі республикалық
және өңірлік жоспарларды орындауды жүзеге асыру. Туристік маршруттар мен
соқпақтардың тізілімін жүргізу. Туристік саланы дамыту жөніндегі
республикалық және өңірлік жоспарлардың орындалуын жүзеге асыру.Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
дене шынықтыру және спорт, туризм, спорт менеджменті, алғашқы әскери
дайындық, 010301 3 - Дене тәрбиесі нұсқаушысы, дене тәрбиесі пәнінің
мұғалімі
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.