Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.04.2025 - 09.04.2025
Қабылдау 1 этап: 10.04.2025- 14.04.2025
Қабылдау 2 этап: 16.04.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.04.2025- 19.04.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
23.04.2025- 25.04.2025
Сұхбат: 30.04.2025
Анықтама телефоны: 87183140304
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесінің бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы
органдар көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтердің іске асырылуын
бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жергілікті
атқарушы органдар қызметінің сапасына ішкі бақылауды іске асырады.
«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша жергілікті атқарушы
органдарының қызметіне мониторинг және бақылау жүргізеді. Жоғарғы
мемлекеттік органдардың, аудан әкімінің мемлекеттік қызмет көрсету
мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуына бақылауды іске
асырады. Жоғары органдарға ауданның мемлекеттік мекемелермен
мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша есепті ұсынады. Мемлекеттік
қызмет көрсетуді дамыту бойынша мемлекеттік органдардың қызметін
үйлестіруді іске асырады. «Электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру
жөніндегі медиа жоспарды әзірлейді және орындалуын жүзеге асырады.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
құқық, бизнес және басқару, жалпы дамудың пәндік мамандандырылған
мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау,
гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, тілдер және әдебиет
бойынша мұғалімдерді даярлау, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және
ақпарат, заңгер
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс
өтілі талап етілмейді;
екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен
кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.