Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Железин ауданы аумағының шекарасында Железин аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                          Г. Беркало

  

Аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                          В. Ткачев

Дата публикации
23 октября 2020