Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 153/8 «2025-2027 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Железин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 153/8 «2025-2027 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 204612 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті тиісінше                      1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3567400 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1839984 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 5759 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 28900 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1692757 мың теңге;

2) шығындар – 3598310 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 45811 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 90436 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 44625 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең:

қаржы активтерін сатып алу – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 76721 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             76721 мың теңге.»;

2) 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер мынадай мөлшерде ескерілсін:

187837 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде инженерлік инфрақұрылым бойынша  іс-шараларды іске асыруға;

390739 мың теңге – елді мекендерің жолдар мен көшелерін орташа жөндеуге және күтіп ұстауға;

          108115 мың теңге – елді мекендерде аббаттандыру және санитария жөніндегі іс-шаралар өткізуге;

1307 мың теңге – елді мекендерді жарықтандыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге;

11500 мың теңге – спорт нысандарын жөндеуге және орнатуға;

1322 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттырың, мемлекеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

878 мың теңге – елді мекендерді сумен қамту шараларын жүргізуге.»;

3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
          2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихаттың төрағасы

 

Т.М.Даулетов

Дата публикации
11 марта 2025