Бөлімнің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті ҚР Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды және Железин ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 82/8 шешімімен бекітілді.
Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ бойынша көзделген шығыстар
|
Атауы
|
2023 жыл
|
2024 жыл
|
2025 жыл
|
2026 жыл
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар, барлығы
|
415328
|
403812
|
328357
|
369122
|
Бөлім қызметінің негізгі басымдығы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұрын қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылға арналған әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке шығыстары 403812 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - 41112 мың теңге, бұл ретте 80 отбасына 322 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленеді және 82 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету – 14490 мың теңге, алушылар саны 1000 адамды құрайды;
- тұрғын үй көмегін көрсету - 58,0 мың теңге, төлем 6 отбасына төленетін болады;
- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек – 102065 мың теңге, қамту 3297 алушыны құрайды;
- үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету - 957 мың теңге, алушылар саны 11 адам;
- мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий – курорттық емдеу, жестау тілі маманы, жеке көмекшілер қызметтерін көрсету-57137 мың теңге, бұл ретте 352 мүгедектігі бар адам оңалту және абилитациялау қызметтері мен құралдарымен;
- жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу және жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу-1362 мың теңге;
- үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру - 34660 мың теңге, үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтермен жартылай стационар жағдайында 9 адам және мұқтаж 47 азамат үйде күтім жасау жағдайында қамтылатын болады, адам саудасының құрбандарына 1 адам санында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады, 2 отбасына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды қолдау;
- халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер - 56445 мың теңге;
- мемлекеттік органның күрделі шығыстары - 1500 мың теңге, бөлімнің материалдық-техникалық базасын нығайту және гараж ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары үшін компьютерлік техника сатып алу;
- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету - 94026 мың теңге бұл ретте арнаулы әлеуметтік қызметтер 128 алушыға көрсетілетін болады.