2025 жылғы 16 ақпанда Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 355 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 244 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс – 6.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Алакөл ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Байгиреев Қуаныш Бекетұлы үшін сайлаушылардың 21 дауысы берілді;
Метлушко Татьяна Васильевна үшін сайлаушылардың 190 дауысы берілді;
Миллер Виолета Александровна үшін сайлаушылардың 18 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 2.
Сайлау қорытындысы бойынша Алакөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды:
Метлушко Татьяна Васильевна, 1986 жылы туған, Алакөл ауылдық округінің әкімі, Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауылында тұрады.
Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы