Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Конституциялық заңының     23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы                    2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Железин ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
  2. Железин ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 ақпандағы «Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 02 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4332 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 наурызда «Родные просторы» және «Туған өлке» аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Железин ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Железин ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 ақпандағы «Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 03 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6182 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Дата публикации
21 сентября 2020