Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданы бойынша 2025- 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешіміне баспасөз релизі

Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес әзірленді.

Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы деректерді нақтылау. 

Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

 

Дата публикации
08 февраля 2025