Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 6335 гектар Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.
  2. «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Железин ауданының әкімі

                                                          

Железин аудандық

мәслихатының хатшысы                                                            

Дата публикации
08 февраля 2025