Прииртышск ауылдық округі әкімінің 2024 жылда мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде есебін қоғамдық талқылаудың қорытындысы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 23 бабына сәйкес, ауылдық округ әкімдері, жылына бір реттен кем емес , қызмет берушілермен, азаматтық және заңды тұлғалар арасында, мемлекеттік қызмет көрсету саласында  жұмыстары туралы есеп беріп отырады.

          Мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмыс жасау жөнінде есептердің қоғамдық талқылауы, курьерлік салада мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерді реттейтін халықты, қабылданған және жоспарланып отырған іс-шаралар жайлы хабарландыруға бағытталған. Сонымен қатар, қоғамдық талқылаулар   көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидатларының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.

          Қазақстан Республикасының цифрлік даму, инновациялар мен аэроғарыштық өнеркәсіп Министрінің м.а. Бұйрығына сәйкес, Прииртышск ауылдық округі әкімінің тарабынан жергілікті орындаушы орган 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

  • «Мемлекеттік меншіліктегі, сауданы талап етпейтін (аукцион) жер учаскесінің иесі болу»;
  • «Жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  • «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-төлеу арқылы сату»;
  • «Жер учаскесін елді мекен шегінде объект салу үшін»;
  • «Жер учаскесін алуға қатарға тұрғызу».

          2024 жылда «Прииртышск ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ 3 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

  1. «Мемлекеттік меншіліктегі, сауданы талап етпейтін (аукцион) жер учаскесінің иесі болу» -2  , оның ішінде бас тарту -0. 
  2. «Жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» -1

          Халықтың мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері мен тәртібі жөнінде хабарлы болуы мақсатында, «Туған өлке» және «Родные просторы» аудандық газет беттерінде, сонымен қатар «Instagram» әлеуметтік желісінде жариялау арқылы жұмыс жүргізіліп отыр.

          Округ халқын мемлекеттік қызметтер және оларды алу жөнінде, парақшалар тарату арқылы іс-шаралар үнемі жүргізіледі, есеп беру дәуірінде 10 іс-шара өткізілді, 110 парақша таратылып, жарияланды.

           Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасауда. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 124 қызмет көрсетілді.

          ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, қызмет берушілер мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қолайлы жағдай жасауға міндетті. «Прииртышск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де шақыру кнопкасы мен пандус бар.

          Қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетіледі .

          Ауылдық округ әкімшілігімен Железин ауданы әкімінің аппаратына есептер уақытылы тапсырылады.

          Есеп беру кезеңде көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар мен ұсыныстар түскен жоқ. ҚР Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

Дата публикации
06 февраля 2025