«Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ-нің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау қорытындысы

Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

          Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.

          Железин ауданы әкімінің сайтында «Қызмет», «Мемлекеттік басқару бөлімінде» «Жергілікті атқарушы органдардың жыл сайынғы есептерін жария талқылау» деген кіші бөлімде 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есеп орналастырылған.

          Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы  31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес «Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ 10 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

          2024 жылы аудан экономиканың нақты секторы бөлімімен 281 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 191, заңды тұлғаларға – 90. Барлық қызметтер ХҚКО арқылы көрсетілді, оның ішінде ХҚКО арқылы 73 қызмет көрсетілді, ХҚКО арқылы 214 қызмет көрсетілді.

          Есепті кезеңде келесі қызмет түрлері көрсетілді:

          Эскизді (эскиздік жобаны) келісу - 41 қызмет;

          «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай - ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» - 82 қызметтер;

          «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» - 73 қызмет;

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» -1 қызмет;

          «Құрылыс және реконструкция(қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) объектілерін әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» - 58 қызмет;

          «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспорттарын беру» - 26 қызмет;

          Тиісті қызметтер көрсету жөніндегі стандарттар мен Қағидаларда көрсетілген себептер бойынша 15 көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тартулар берілді.

Ғимаратта мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттық стенд орналастырылған. Ескертулер мен ұсыныстар үшін қорап орнатылған.

          Ай сайын халық арасында Мемлекеттік қызметтер көрсету және оларды көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, 2024 жылдың 12 айында 197 адамды қамти отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы қысқаша ақпараттың мазмұнымен халыққа брошюралар тарату бойынша 12 іс-шара мен акция өткізілді.

          Ағымдағы жылдың маусым және желтоқсан айларында аудандық «Туған өлке» және «Родные просторы» газеттерінде, сондай-ақ аудан әкімінің сайтында Бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру бойынша мақалалар жарияланды.

Тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдамалық анықтама жасалады.

          Тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізіледі. Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. Өткен жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

          Бөлім мамандары өткен жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтпеді, тәртіптік жауапкершілікке тартылмады.

          Бөлім басшысы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мен сапасына тұрақты бақылау жүргізеді.

          Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың    «Жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Дата публикации
30 января 2025