Железин ауданы әкімі аппараты басшысының 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау қорытындысы

2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.         Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған.           

Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.

 Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Железин ауданы әкімінің аппаратымен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі," әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру","азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату".

Әкімдік ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараты бар стенд орналастырылған.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ "Истаграмм" әлеуметтік желілері арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақала жариялау арқылы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, буклеттер таратылады.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
27 января 2025