Лесной ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау қорытындылары

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізеді.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ қызмет көрсетушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы орган тұлғасында  Лесной ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін көрсетеді:

1) «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»

2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

3) «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»

4) «Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде не бөліп-бөліп сату»

5) «Жер учаскесін алуға кезекке қою».

«Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі 2024 жылы 2 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

1) «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 2

«Е-лицензиялау»   мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі арқылы

  2 өтініш келіп түсті.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мерзімдері туралы халықты хабардар ету мақсатында аудандық «Туған өлке» және «Родные просторы» газеттерінде, мемлекеттік органның интернет ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ «Instagram» әлеуметтік желілерінде мақалалар жариялау жолымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылған стенд бар. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету және алу, қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру тақырыбында материалдарды тарату және тарату бойынша акция өткізілді. Тақырыптық баннер орнатылған.

2024 жылдың 12 айында халыққа 150 дана мемлекеттік қызмет көрсету туралы қысқаша ақпаратты қамтитын буклеттер тарату акциясы өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының журналы жүргізіледі. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 212 қызмет көрсетілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. «Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де шақыру түймесі, пандус бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қажетті мемлекеттік қызметті алу үшін ауылдық округ әкімінің аппаратына өз бетінше келуге мүмкіндігі жоқ зейнеткерлік жастағы адамдарға, мүгедектерге үйге шығу жүзеге асырылады.

Тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша талдамалық анықтама жасалады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. 2024 жылғы 20-21 тамыз аралығында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында ішкі бақылау жүргізілді, бақылау іс-шарасын жүргізу нәтижелері туралы акт шығарылды. Есептік кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында ҚР заңнамасына құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

Дата публикации
24 января 2025