«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі 2024 жылы бойынша есеп

Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну " мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

          Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

          Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі – сенім білдірілген өкілді (агентті) ақпараттандыру объектілері арқылы-Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank (бұдан әрі – Портал).

Мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі порталда көрсетілетін қызметті алушыны көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасасу қажеттілігі туралы, есепке қою және кезекке қою немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту туралы хабардар ету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Железин ауданы әкімдігі ғимаратының залында "Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат" стендінде, сондай-ақ Oebp_zhelezinka парақшасында Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылған.

Жергілікті БАҚ-та мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мақала жарияланды (13.09.2024 ж. "Родные просторы", "Туған өлке" газеттерінде жарияланымдар).

Instagram әлеуметтік желілерінде (21.08.2024 ж. "jelezin_agparat" сілтемесі, "oebp_zhelezinka") "Дипломмен ауылға!" жобасын іске асыру бойынша ақпарат жарияланды.

Железин ауданы әкімдігінің сайтында "Құжаттар" бөлімінде 2024 жылғы қаңтарда 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп орналастырылды, сондай-ақ 2024 жылғы желтоқсанда "Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру бойынша ақпарат жарияланды.

          Жыл сайын Железин ауданы әкімдігінің сайтында Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері саласында сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі орналастырылады, олар бойынша ағымдағы жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Жыл сайын бөлім басшыларымен және ауылдық округ әкімдерімен аппараттық кеңесте көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған келген мамандармен жасалған келісімдердің талаптарын орындау мәселесі тыңдалады.

2024 жылғы 21 тамызда Железин ауданының қоғамдық кеңесі "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысы Д. А. Агыбаевтың "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт  және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпаратын тыңдады.

Тыңдау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес осы мәселе бойынша тиісті ұсыныстар берді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың мөлшері мен қағидалары айқындалды:

100 АЕК-ке тең сомадағы көтерме жәрдемақы (2024 жылы - 369 200 теңге);

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге және тұруға келген мамандар үшін бюджеттік кредит 2500 АЕК-ке немесе 9,2 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, ауданның ауылдық елді мекендері үшін 2000 АЕК-ке немесе 7,4 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

2024 жылы 46 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- көтерме жәрдемақы алу үшін 34 маман жүгінді, оның ішінде : 24 – білім беру, 7 - денсаулық сақтау, 2 - ветеринария, 1 - мәдениет. Көтерме жәрдемақы жалпы сомасы 12552,8 мың теңгеге төленді.

- тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін 12 маман жүгінді, бюджеттік кредит алды - 11 маман, оның ішінде 8 - білім беру, 1 - денсаулық сақтау, 1 - мәдениет, 1-ветеринария. Жалпы сомасы 95269,0 мың теңге. Бір маманға дәлелді бас тарту берілді.

          Мемлекеттік қызмет осы мемлекеттік қызметті көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзбай көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Ай сайын Железин ауданы әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп ұсынылады.

Жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу үшін материалдар сұратылмады.

 

Железин ауданының

экономика және бюджеттік

 жоспарлау бөлімінің басшысы                                                           Д. Агыбаев

Дата публикации
20 января 2025