Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ММ 2025-2027 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті (бекіту сатысында)

Бөлімнің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті ҚР Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды және Железин ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 153/8 шешімімен бекітілді.

 

Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ бойынша көзделген шығыстар

 

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

1

2

3

4

5

Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар, барлығы

412205

523989

354336

359471

 

Бөлім қызметінің негізгі басымдығы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұрын қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

 Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылға арналған әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке шығыстары 523989 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-98841 мың теңге, бұл ретте 80 отбасына 322 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленеді және 82 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету – 15980 мың теңге, алушылар саны 1016 адамды құрайды;
  • тұрғын үй көмегін көрсету-53,0 мың теңге, төлем 2 отбасына төленетін болады;
  • жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек – 125821 мың теңге, қамту 3789 алушыны құрайды;
  • үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету-680 мың теңге, алушылар саны 8 адам;
  • мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий – курорттық емдеу, жестау тілі маманы, жеке көмекшілер қызметтерін көрсету-76002 мың теңге, бұл ретте 384 мүгедектігі бар адам оңалту және абилитациялау қызметтері мен құралдарымен;
  • жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу және жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу-1015 мың теңге;
  • үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру - 33288 мың теңге, үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер 9 адам жартылай стационар жағдайында және 32 мұқтаж азаматты үйде күту жағдайында қамтылатын болады, 1 адам санында Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады;
  • халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер-60367 мың теңге;
  • мемлекеттік органның күрделі шығыстары-8616 мың теңге, бөлімнің материалдық-техникалық базасын нығайту және гараж ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары үшін компьютерлік техника сатып алу;
  • мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету-90473 мың теңге бұл ретте арнаулы әлеуметтік қызметтер 121 алушыға көрсетілетін болады;
  • ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары - 2853 мың теңге, үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін компьютерлік техника мен жиһаз сатып алу;

- зорлық – зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған Тәуекел тобындағы адамдарға көрсетілетін қызметтер-10000 мың теңге, отбасын қолдау орталығын ұстауға арналған шығыстар.

 

Железин ауданының жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы                                              К. Ибрагимов

Дата публикации
20 января 2025