Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Алакөл ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

         Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

         Ауылдық округ бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

          Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

          Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.

Алакөл ауылдық округінің құрамына Алакөл ауылы кіреді.

          Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі 575,85 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 27,7 га. Халық саны – 570 адам, оның ішінде ерлер – 309 адам, әйелдер – 261 адам. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлер – 89, 16-дан 29-ға дейінгі жастар – 98, оқушылар – 100, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 53, ашық нарықта жұмыссыздар – 6, тіркелген жұмыссыздар – 1 адам.

          Әлеуметтік салада интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған 1 орта мектеп жұмыс істейді. Мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ, фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) – 1, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмыс істейді. 2 төсек, ем-шара бөлмесімен біріктірілген акушерлік кабинет, егу кабинеті, науқастарды қабылдау кабинеті, ЭКГ жабдықтар, дәріхана – 1 бар.

          Мәдениет үйінің жанында ауылдық кітапхана жұмыс істейді, кітапхананың кітап қоры жыл сайын 18500 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 15 000 дана толықтырылады және есептеледі, спортпен айналысуға арналған фитнес-клуб бар.

          Мәдениет үйі жанындағы қызмет көрсету саласында «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалы жұмыс істейді.

          Қайта өңдеу саласында «Пахарь» ШҚ ЖШС наубайханасы жұмыс істейді.

Алакөл ауылдық округі бойынша 17,066 шақырым жол бар. Оның ішінде: кірме жолдар – 2,505 км, айналма жолдар – 4,861 км және кентішілік жолдар 9,7 км, сондай-ақ ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. Көшелер шамдармен жарықтандырылған, Павлодар қаласы мен Железинка ауылына автобус қатынасы бар.

         

Бюджет көлемі

 

1.2. «Алакөл ауылдық округінің түсімдері мен шығыстары» 

                                                                                                              мың теңге

Атауы

 

 

2025 жыл       

2026 жыл 

 

2027 жыл

1

2

3

4

ТҮСІМДЕР – барлығы:

34176

34962

35798

Меншікті кірістер, оның ішінде:

10558

11086

11640

Салықтық түсімдер

10462

10985

11534

Салықтық емес түсiмдер

96

101

106

Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде:

23618

23876

24158

Мақсатты ағымдағы трансферттер

16

0

0

Субвенциялар

23602

23876

24158

  

Алакөл ауылдық округінің бюджетіне 2025 жылға салық түсімдерінің құрылымы

 

Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығындары 

Атауы

2025 жыл       

2026 жыл 

 

2027 жыл

ШЫҒЫНДАР – барлығы, оның ішінде:

34176

34962

35798

27124

Мемлекеттік қызметтер

26309

26702

27305

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

5836

6128

6435

Көлік және коммуникация

1988

2087

2192

Денсаулық сақтау

43

45

47

 

Алакөл ауылдық округінің 2025 жылға  арналған бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары

                                     

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары жалпы сипаттағы қызметтер 

                                                                                                                    мың теңге

 Атауы

2025 жыл       

2026 жыл 

 

2027 жыл

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған бюджет шығыстары, барлығы:

26309

26702

27124

 Оның ішінде:

 

 

 

жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

26309

26702

27124

Қорғаныс

0

0

0

 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 26309 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды.

Алакөл  ауылдық округінің бюджет шығындарының 0,1%-ын денсаулық сақтау саласына шығындар құрайды

  

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары 

                                                                                                                   мың.теңге

Атауы

2025 жыл       

2026 жыл 

 

2027 жыл

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары, барлығы:

43

45

47

 Оның ішінде:

 

 

 

Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру

43

45

47

Денсаулық сақтау саласында шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру үшін 2025 жылға 43 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.

Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 17,1 %-ын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары  құрайды

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                   мың.теңге

 Атауы

2025 жыл       

2026 жыл 

 

2027 жыл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған бюджет шығыстары, барлығы:

5836

6128

6435

 Оның ішінде:

 

 

 

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

4738

4975

5224

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

672

706

741

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

426

447

4700

           2025 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығындары:

Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру, сондай-ақ қолданыстағы жарықтандыруды күтіп ұстау және жөндеу үшін 4738,0 мың теңге сомасында қарастырылған.

- Алакөл ауылындағы полигонды толтыру үшін елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге – 672,0 мың теңге.

  - 42,0 мың теңгеге көшеттер мен гүлдер отырғызу үшін елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, көшеге ақпараттық стендтер орнату, сонымен қатар балалар ойын алаңын орнату.

Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 5,8 %-ын көлік және коммуникация шығындары  құрайды.

 

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары 

                                                                                                                    мың.теңге

Атауы

2025 жыл       

2026 жыл 

 

2027 жыл

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары, барлығы:

1988

2087

2192

 Оның ішінде:

 

 

 

Аудандық маңызы бар қалаларда , ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1988

2087

2192

Аудандық қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

0

0

0

Ауылдық округтегі автомобиль жолдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 1988 мың теңге қаражат қарастырылған.

Дата публикации
30 декабря 2024