Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2025-2027 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (бекітілген бюджет)

Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін мемлекеттік органдардың қызметі. Бюджеттік процесс бірыңғай бюджеттік классификация негізінде жүзеге асырылады.

 «Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелерінде аудандық деңгейде мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

 

  2025-2027 жылдарға арналған шығыстар көлемі

мың теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

1

2

3

4

5

Шығыстар, барлығы

170525

167281

76159

77861

 

 

 

 

 

001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

49920

53147

53189

53743

061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау»

 

500

 

 

004 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»

10500

 

 

 

099 «Мамандарды әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шараларын жүзеге асыру»

20423

21876

22970

24118

006 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға арналған бюджеттік несиелер»

88608

90436

 

 

113 «Төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер»

1074

1322

 

 

 

Мемлекеттік мекеме экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелерінде аудандық деңгейде мемлекеттік саясатты іске асырады.

          2025 жылға арналған шығыстар көлемі 167281 мың теңге, 2026 жылға – 76159 мың теңге, 2027 жылға – 77861 млн. теңге сомасында көзделген.

          Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2025 жылға арналған шығыстары 167281 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде:

-  «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»  001 бағдарламасы бойынша штат саны 7 бірлік мемлекеттік қызметші және 5,5 бірлік техникалық персоналы бар бөлімді ұстауға 53147 мың теңге;

-  «Бюджеттік инвестициялар оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау»  061 бағдарламасы бойынша бюджеттік инвестициялар мәселелері құжаттамаға сараптамадан және бағалаудан өту 500 мың теңге;

- «Төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер» 113 бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын артыруға аулдық округтерге аударымдар 1322 мың тенге;

- «Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру» 099 бағдарламасы бойынша 20423 мың теңге ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік саланың және агроөнеркәсіптік кешеннің 30 маманына көтерме жәрдемақы беру және бюджеттік кредитке қызмет көрсету жөніндегі сенім білдірілген агенттің қызметтеріне ақы төлеу:

 - Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер" 006 бағдарламасы бойынша әлеуметтік саланың және агроөнеркәсіптік кешеннің 10 маманына, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алу және салу үшін бюджеттік кредит беруге 88608 мың теңге.

Дата публикации
27 декабря 2024