Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железин ауданында әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Кағидаларында:
2-тармағы 12), 13), 14), 15) тармақшаларымен толықтырылсын:
«12) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері»;
«13) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі»;
«14) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесі» дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі»;
«15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.».
6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді:
мереке күндері мен атаулы күндерге орай біржолғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі:
15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарына (отбасыларына) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;
26 сәуір - радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге;
7 мамыр – Отан қорғаушы күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;
9 мамыр –Жеңіс күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне 2 000 000 (екі миллион) теңге, сондай-ақ 10 (он) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылары мен қызметшілеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 10 (он) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер 10 (он) АЕК мөлшерінде;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына 100 000 (жүз мың) теңге;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарына 60 000 (алпыс мың) теңге;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарына 50 000 (елу мың) теңге;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына 50 000 (елу мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» № 322 – VI Заңының 4,5 6 - баптарында аталған адамдардың отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60 000 (алпыс мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;
«Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне уәкілетті ұйымның және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі адамдар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарына 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарына 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
1 қазан - Карттар күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарына 2 (екі) АЕК мөлшерінде;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарына 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
25 қазан - Қазақстан Республикасының күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде:
он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларына 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарына 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде:
Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде.»;
«7. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган табыс есебінсіз
көмек көрсетеді:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көрсетілген қызметтердің және (немесе) атқарылған жұмыстарына келісім-шартын қоса бере отырып, өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 125 (жүз жиырма бес) АЕК мөлшерінде;
сауықтыруға 80 (сексен) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
қатты отын сатып алуға 40 (қырық) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне, 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 50 000 (елу мың) АЕК растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;
қатты отын сатып алуға 200000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілі жәңе жеке көмекшінің еріп жүруіне, 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде, осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілі жәңе жеке көмекшінің еріп жүруіне, 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;
мүгедектігі бар адамдарына қатты отын сатып алуға 4 (төрт) АЕК теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына, сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына, бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына, екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарына, Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) қатты отын сатып алуға 24 (жиырма төрт) АЕК теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарына, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына, зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарына қатты отын сатып алуға 8 (сегіз) АЕК теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің санынан тұлғалар, атап айтқанда: жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, өтініш негізінде аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты шартта, оқу жылындағы нақты құны мөлшерінде;
2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің санынан тұлғалар, атап айтқанда: жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарының, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадагы № 63/8
«Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железин ауданында әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Кағидаларында:
2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан
әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге
өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
5-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің дүркінділігін уәкілетті орган ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
3) 26 сәуір-радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;
4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
5) 9 мамыр - Жеңіс күні;
6) 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:
8) 1 қазан – Қарттар күні;
9) 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні;
10) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күн.»;
6-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:
Оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтар;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;
4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
5) еңбек ардагерлері:
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар (тұғалар, зейнеткерлер);
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар (тұғалар, зейнеткерлер);
8) мүмкіндігі шектеулі адамдар, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар;
бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;
екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;
18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі адамдар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүмкіндігі шектеулі адамдар оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар, мүмкіндігі шектеулі адамдар;
үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;
кәмелетке толмаған балалары бар мүмкіндігі шектеулі адамдар;
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);
10) ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің санынан тұлғалар, атап айтқанда:
жетім балалар;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
жан басына шаққандағы табысы ағымдағы жылғы екінші тоқсанның ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір есе мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасының қатарындағы балалар;
11) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне зиян келуі, не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болған азаматтарға (отбасына);
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;
10 аптаға дейінгі жүктілігіне байланысты Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдер (жиынтық табысты есептеу кезінде әлеуметтік көмекті алуға үміткер отбасының құрамына ата-аналары (бала асырап алушылар) және олардың қарауындағы 18 жасқа толмаған балалар есептелсін);
бір жасқа дейінгі балалары бар, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қосымша балалар тамағына мұқтаж азаматтар (отбасылар);
пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген кезде белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын отбасылар;
12) сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;
«Саяси қуғын - сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдар.»;
7-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«7. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күніне 6-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында, 4) тармақшасының екінші абзацында, 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде;
Халықаралық әйелдер күніне 6-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;
Радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне 6-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацында, 4) тармақшасының үшінші абзацында, 6) тармақшасының төртінші абзацында және 6) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін, Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде;
Отан қорғаушы күніне 6-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында және 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде;
Жеңіс күніне 6-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының бесінші абзацында, 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 5) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында және 6) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде;
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне 6-тармақтың 12) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санат үшін Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 6-тармақтың 8) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;
Қарттар күні 6-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санат үшін Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының күніне 6-тармақтың 8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 6-тармақтың 12) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде.
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), алтыншы абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 125 (жүз жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 6-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 6- тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының төртінші абзацында және 6) тармақшасының алтыншы абзацында санаттар үшін сауықтыруға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілі жәңе жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде 6- тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде заңды өкілдердің бірін алып жүру жөніндегі шығындарды өтеуге арналған 6- тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде санаторлық-курорттық емделуге;
6-тармақтың 8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, жетінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға (екінші жартыжылдықта көрсетіледі) 4 (төрт) АЕК мөлшерінде Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), екінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне зиян келуі 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), жетінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6- тармақтың 11) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), үшінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде онкологиялық аурумен ауыратын тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинеті ұсынатын тізім негізінде адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), үшінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде «жүйелі қызыл жегі» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім-шартта көрсетілген сома Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), бесінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде 6-тармақтың 10) тармақшасының екінші және үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін төленеді;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), үшінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде «қант диабеті» аурумен ауыратын тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), үшінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде «Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы», «Балалардың церебралдық параличі», «Миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай)» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), үшінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде «Психикалық, мінез-құлық бұзылулары», «Ревматизм», «Нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), үшінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде «Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), үшінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде «Орфандық аурулар» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 1 (бір) АЕК мөлшерінде.
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
6-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін (сауықтыруға) 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде;
6-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін қатты отын сатып алуға 10 (он) АЕК мөлшерінде Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде;
6- тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының төртінші абзацында және 6) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде;
6- тармақтың 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 4) тармақшасында, 6) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға 6 (алты) АЕК мөлшерінде Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде;
6- тармақтың 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға 2 (екі) АЕК мөлшерінде Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде.
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
6- тармақтың 8) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүмкіндігі шектеулі адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін» 3 (үш) АЕК мөлшерінде ауылдық округ әкімдіктерінің тізімі негізінде;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 6- тармақтың 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында (перитонеальді диализге және гемодиализге мұқтаж емделу және қаралу) көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды күтіп-бағуға әрбір балаға ақы төлеу үшін, құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде 6- тармақтың 8) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинеті ұсынатын тізім негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинеті ұсынатын тізім негізінде амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 12 (он екі) АЕК мөлшерінде;
6-тармақтың 10) тармақшасының екінші және үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде.»;
8-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«8. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:
аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім-шартта көрсетілген сома Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), төртінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде 6-тармақтың 10) тармақшасында төртінші абзацында көрсетілген санат үшін төленеді;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), төртінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде 16,5 (он алты бүтін оннан бес) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін біржолғы әлеуметтік көмек;
тұрғын үйге меншік құқығын растайтын (пайдалануға) құжаттың көшірмесі немесе жалға алу келісім-шарт негізінде, пештік жылытуды растайтын құжат, Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), төртінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде, 13 (он үш) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға 6- тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін;
ай сайынғы әлеуметтік көмек:
6-тармақтың 10) тармақшасында төртінші абзацында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), төртінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде әр балаға 5 (бес) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 11) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін.».