2024 жылғы 22 желтоқсанда Павлодар облысы Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 153 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 105 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс – 2.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Майлы ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Баталов Берик Тасбулатұлы үшін сайлаушылардың 15 дауысы берілді,
Калиев Нурболат Жанатұлы үшін сайлаушылардың 58 дауысы берілді,
Нурмаканов Серик Каирбайұлы үшін сайлаушылардың 23 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 8.
Сайлау қорытындысы бойынша Майлы ауылдық округінің әкімі болып сайланды:
Калиев Нурболат Жанатұлы, 1994 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Павлодар қаласында тұрады.
Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы