Шешім жобасы Казақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2025 жылға арналған бюджеттің көлемі 1282,8 млн. теңгені, 2026 жылға – 605,9 млн.теңгені, 2027 жылға – 628,2 млн.теңгені құрайды.
2025 жылға кіріс көлемі 124,8 млн. теңге сомасында көзделген, 2026 жылға түсімдер көлемі 130,5 млн.теңге, 2027 жылға – 135,4 млн. теңге болжануда.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.