Жалпы ережелер
7.Әкім аппаратының орналасқан жері: индекс 140404, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Железин ауданы, Веселая Роща ауылы, 60 лет Октября көшесі 5 құрылыс.
8.Әкім аппаратын аудан әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
9.Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
11.Міндеттері:
әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;
ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша әкімнің қызметін қамтамасыз ету;
әкімнің басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылы.
12.Функциялар:
1) өз құзыреті шеңберінде ауылдық округ әкімінің аппараты:
жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастықтың жиыны мен жиналысын шақырудың уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желілер арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
ауылдық округ бюджетін жоспарлауды және орындауды қамтамасыз етеді;
ауылдық округтің бюджетін әзірлейді;
жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп береді;
ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша Тапсырыс беруші болады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде болатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды белгілейді;
алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан есептен шығара отырып, оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімі;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі)меншік құқығын қорғауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқарушының міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде)орналасқан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;
салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды қамтамасыз етеді;
өз құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
"Нотариат туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық хал актілерін тіркеуге жәрдемдеседі;
аз қамтылған адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың жаппай демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды;
халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
қылмыстық-түзеу инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
"халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыссыздарды есепке алуға жәрдемдеседі;
жазаның осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-түзеу қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі;
төтенше жағдайларда ауыр науқастарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;
статистикалық және шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
жергілікті бюджетті бекіту кезінде аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысады;
елді мекендерді сумен жабдықтау бойынша өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетеді және су пайдалану мәселелерін реттейді;
елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады;
туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізеді;
елді мекендердің жерлерінде мал жаюға арналған орындарды айқындайды;
тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдайды;
тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс - шаралар кешенін жүргізгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешім қабылдайды;
ветеринариялық пункттерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді;
жер қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға береді;
қоғамдық Сервитуттарды белгілейді;
аудандық өкілді және атқарушы органдарға осы елді мекендерді кенттер, ауылдар санатына жатқызу, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;
тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға атау беру және олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде келесі мәселелерді шешеді
осы елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауына, атауын өзгертуге, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылауға және өзгертуге;
пошта операторларына ауылдық округ аумағында өндірістік объектілерді орналастыруға жәрдем көрсетеді;
округ аумағында почта байланысының тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша әкім аппараты:
өз құзыреті шегінде жергілікті өзін өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, егер "мемлекеттік мүлік туралы"Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
шешім қабылдайды және жергілікті өзін - өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатына сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
аудан әкімімен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде)болатын, бюджеттен қаржыландырылатын қызметтің басым бағыттарын және жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) міндетті көлемін айқындайды;
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) орналасқан Мемлекеттік кәсіпорындарды дамыту жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекітеді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың заңды тұлғаларына бекітеді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды.
мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
әкімшілік айыппұлдар салу;
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;
мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық дерекқорларын пайдалану;
шарттар, келісімдер жасасу.
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың, аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.
әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
еңбек шарты бойынша қызметкерлерді бюджет қаражатын және (немесе) көзделген түсімдерді үнемдеу есебінен қабылдайды;
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;
ауылдық округтің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
аудан әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл тұрғындарына микрокредит беруге жәрдемдеседі.
Ауылдық округ әкімі бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.
18.Әкім әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.