1) «Железин ауданының Железин селолық округі әкімі аппаратының «Балапан» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын:
2) «Железин ауданының Железин селолық округі әкімі аппаратының «Светлячек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын:
3) «Железин ауданының Железин селолық округі әкімі аппаратының «Железин селолық Мәдениет үйы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима Железинского сельского округа Железинского района».
1) қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, қазақстандық патриотизм конституциялық принциптерін жүзеге асыруға жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді, облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3) нормошығармашылық қызметті қамтамасыз ету;
4) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу;
5) шешімдер мен өкімдер қабылдау;
6) қызметті құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, азаматтардың өтініштерін қарау, түскен құжаттарді талдау, мемлекеттік және басқа тілдердің қолданылуын қамтамасыз ету, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
7) округ әкімінің қатысуыман семинарларды, кеңестерді, отырыстарды өткізуді қамтамасыз ету;
8) Мемлекеттік мекеме әкімшісі болып табылатын аудандық бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуді және бекіту үшін аудан әкімдігінің қарауына енгізуді қамтамасыз ету.
1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
3-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
4) аулдықокругтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды:
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді;
10-1) нотариаттық әрекеттер жасауды ұйымдастырады;
10-2) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
12-1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;
12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
12-5) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
12-6) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
12-7) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
12-8) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
12-9) қылмыстық аткару саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жазаның осы түріне сотталғанадамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастарады;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
17) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың қызметін қамтамасыз етеді;
18) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
19) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
20) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
21) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
22) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
23) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі, оның ішінде:
қылмыстық-атқару жүйесі кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін, орындайтын және көрсететін тауарлар, жұмыстар және қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандар еңбегін пайдаланатын өндірістер ашуға, кеңейтуге және жаңғыртуға кәсіпкерлік субъектілерін тарту жолымен;
24) аудандық атқарушы органға аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
25) ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
26) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
27) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
28) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
29) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
30) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
31) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
32) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
33) кіріс көздерін қалыптастырады;
34) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
35) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
36) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
37) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
38) тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
39) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
40) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.
41) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүргізеді;
42) тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;
43) әр шаруашылық бойынша есепке алу мәліметтерінің шынайылығын қамтамасыз етеді;
44) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
45) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
46) спорт мекемелеріне қолдау жасайды және олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне жәрдем көрсетеді;
47) елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындайды;
48) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;
49) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;
50) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді;
51) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге қатысады;
52) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтерді, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;
53) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асырады және оны ауданның жергілікті атқарушы органына береді;
54) ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысады;
55) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізеді;
56) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспарды іске асыруды қамтамасыз етеді және оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті жергілікті өзін-өзі басқару органына ұсынады (бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына);
57) жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды өткізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;
58) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің жол берілетін шекті нормаларының сақталуына қамтамасыз етеді;
59) өздерінің интернет-ресурстарында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспарды орналастырады;
60) тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспарды іске асыру қорытындысы туралы жыл сайынғы есеп берулерді жариялайды;
61) ауданның жергілікті атқарушы органына соғылған және тозған жайылымдар туралы хабарлайды;
62) қолданылып жүрген жер қатынастары саласындағы заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға ұсынады;
63) жариялымды сервитуттарды орнатады;
64) аудандық әкімдікке жер учаскелерін алып қою мәселесі бойынша ұсыныс енгізеді, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін;
65) Мемлекеттік корпорацияға жер учаскесіне құқық ауыртпалығын анықтау және тоқтатуға нұсқама жібереді;
66) жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
67) жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі тиісті уәкілетті органға заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алынған тұлғалар туралы ақпаратты ұсынады;
68) аудандық өкілді және атқарушы органдарға осы елді мекендерді кенттер, ауылдар санатына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;
69) аудандық өкілді және атқарушы органдарға тиісті елді мекен халқының кенттерді, ауылдық округтерді, ауылдарды атау және қайта атау туралы пікірін ескере отырып, ұсыныстар енгізеді;
70) аудандық өкілді және атқарушы органдарға кенттердің, ауылдық округтердің, ауылдардың шекараларын белгілеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
71) осы елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау, қайта атау жөніндегі, сондай-ақ облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселелерін шешеді;
72) пошта операторларына ауылдық округ аумағында өндірістік объектілерді орналастыруда жәрдем көрсетеді;
73) ауылдық округ аумағында пошта байланысының тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;
74) кондоминиум объектілерін басқару органдарымен, тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың меншік иелерімен олардың абоненттік пошта жәшіктерімен қамтамасыз етілуі және тиісті пайдалану бойынша жұмыс жүргізеді;
75) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
76) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
77) учаскелік қоғамдық көмекшілердің жұмысын ұйымдастырады;
78) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;
79) ақпаратты ақпараттық жүйеге уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді.
1) әкімдіктің, аудан әкімінің және жоғары тұрған ұйымның қарауына тиісті аумақты дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру. Өкілеттіліктерін орындау үшін Мемлекеттік мекеме басқа да атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
1) Мемлекеттік мекеме туралы ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
3) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, өкімдер шығарады және мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік мекеменің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда, меншік нысанына байланыссыз өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемені білдіреді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша қажетті шаралар қолданады және сол үшін дербес жауап береді;
10) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және тиісті аумақта жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды