1-тарау. Жалпы ережелер
Егер «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің
міндеттері мен өкілеттіктері
1) жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жер заңнамасының ережелерін қатаң сақтау;
2) жер телімдерінің бар болуы және оларды жер телімдерінің санаттары, меншік иелері бойынша бөлу, бұзылған жерлерді рекультивациялауды ұйымдастыру, құнарлы топырақтың алынуы және пайдаланылуы туралы жыл сайынғы аудандық есептерді жасау;
3) жер қатынастары саласында мемлекеттің мүдделерін қоғау;
4) ауданның атқарушы және өкілді органдарының қарауына әзірлеу, дайындау, енгізу және аудан шекаралары аясында, елді мекендердің жерлерін қоспағанда жер қатынастарын реттеу саласында аудан әкімдігі мен әкімі жобаларының орындалуын қамтамасыз ету;
5) жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, табиғатты қорғаудың басқа да шараларымен бірлесіп жер ресурстарын қорғау және олардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша аудандық бағдарламалардың өкілетті органын бекітуге әзірлеу және ұсыну.
1) Құқықтар:
«Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау және осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының жер және еңбек заңнамасында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқығы бар:
1) мемлекеттік органдарда, сотта мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіру;
2) «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Железин ауданы әкімдігінің және Әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
4) мемлекеттік мекеменің қызмет саласына жататын жер қатынастары мәселелері бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
5) қызметкерлер штатының және еңбекке ақы төлеу қорының белгіленген саны шегінде мемлекеттік мекеменің штат кестесін әзірлеуге міндетті;
6) шарттар, келісімдер және өзге де заңды мәмілелер жасасуға;
7) ауданның жер қатынастары бөліміне жолданған азаматтардың өтініштерінің орындалу мерзімі мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру.
1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға міндетті;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Павлодар облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
3) мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауға және ұсынуға міндетті;
4) сот органдарында бөлімнің заңды мүдделерінің құқықтарын қорғауды жүзеге асыру;
5) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер телімдерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнінде ұсыныстар мен шешімдерінің жобаларын әзірлеу;
4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану үшін жер телімдерін беру бойынша аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын әзірлеу;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) жер телімдерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) жерлер мен бағдарламаларды аймақтарға бөлу жобаларын, ауданның жерлерін тиімді пайдалану бойынша жобалар мен сызбаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) жер сауда саттығын (аукциондар) өткізуді ұйымдастыру;
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларды, жобалар мен схемалардың сараптама жүргізу;
12) ауданы жерлерінің балансын құрастыру;
13) жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттар беру;
15) жер телімдерін сатып алу-сату шарттарын және жалға беру және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарттардың орындалуына бақылау жүргізу;
16) Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшаларында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу;
17) ауданның жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат беру бойынша ұсыныстар дайындау;
18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау;
19) жерді сақтық қорда сақтау бойынша ұсыныстар дайындау;
20) қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарау;
21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.
22) жер учаскелерін жалдау құқығын сатып алу есебін жүргізу;
23) құзыреті шегінде аудандық мәслихат сессиялары шешімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының, аудан жер комиссияларының дербес құрамын бекіту бойынша әкім өкімдерінің жобаларын әзірлеу және басқа да мәселелер;
24) ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;
25) мемлекеттік қызмет көрсету;
26) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
24) ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;
3-тарау. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
1) «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың міндеттерін анықтайды;
3) «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін бекітеді;
44) өз құзыретінің мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
5) «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
6) атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне іссапар, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстеме ақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
9) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгіленген тәртіппен «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
10) «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз етеді;
11) «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
12) «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
«Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
31. «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіме сәйкес жүзеге асырылады.