1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері
1) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) аудан азаматтарының мәдени құндылықтарға қызмет көрсетуде, жасауда, пайдалануда және таратуда конституциялық құқығын қамтамасыз ету;
3) қазақ және басқа да ұлттық мәдениеттерді жаңғыртуды, сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз ету;
4) тарихи-мәдени мұраны сақтау және оларды жинақтау үшін жағдай жасау;
5) халықты дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту болып табылады.
1) Құқықтары:
- өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан сұратуға;
-аудан әкіміне мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге, мемлекеттік мекеменің жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және басқа да материалдарды дайындауды жүзеге асыруға.
2) Міндеттері:
- жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларды өткізуге қатысу;
- мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыру;
-мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету.
1) мәдениет объектілерінің инфрақұрылымын дамытуды және материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етеді;
2) мәдениет саласындағы эстетикалық тәрбие, көркем білім беру және ғылыми-педагогикалық қызмет үшін жағдайлар жасайды;
3) аудандық қоғамдық-мәдени, спорттық іс-шараларды өткізеді;
4) ұлттық-мәдени бірлестіктермен және қоғамдық ұйымдармен жұмысты жүзеге асырады;
5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық-талдау жұмыстарын орындайды;
6) аудан халқының мәдени қажеттіліктерін болжауды, ауданда кәсіби-мәдени қызмет көрсету жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді;
7) мемлекеттік мәдениет мекемелерінің көркем оқу-әдістемелік, ақпараттық әдебиетпен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді;
8) мәдени-демалыс жұмысын, аудандық кітапханалардың жұмыс істеуін қолдауды қамтамасыз етеді;
9) дене шынықтыру және спорт саласындағы талдамалық және әдістемелік жұмыс;
10) әр түрлі спорт түрлері бойынша аудандық, топтық спорт жарыстарын дайындау және өткізу;
11) қорғаныс істері, білім беру бөлімдерімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және оларды армияда қызметке даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
12) ауданда ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметі үшін жағдай жасайды;
13) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы актілерді әзірлейді, әкімдіктің шешімі бойынша аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
14) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын (ережелерін), оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды әзірлейді.
15) уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен музыка өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласындағы ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;
16) музыка өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;
17) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; ;
18) ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ шығармашылық бірлестіктердің әуесқойлары арасында байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
19) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
20) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
21) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерін салу, қайта жаңарту және жөндеу бойынша бақылауды жүзеге асырады;
22) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
23) жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда қолжетімділігін ескере отырып, инфрақұрылым жасайды;
24) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық Жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
25) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
26) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
27) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
28) спортшыларға спорттық разрядтар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді;
29) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
30) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
32) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық маңызы бар құрама командалардың тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
33) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
34) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
35) Халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
18.Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
3) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;
4) атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
5) мемлекеттік мекеменің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
6) мемлекеттік мекеменің қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
8) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
9) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
6-тарау. Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағынысты ұйымдары
1) «Железин ауданының тарихи-өлкетану мұражайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) «Құдайберген Әлсейітов атындағы Железин аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны:
3) «Железин ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.