Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Железин  ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкiмі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан ауылдық

округінің әкімі                                                              Ж.К. Сатканов

Основной документ
Дата публикации
06 октября 2020