Ауданның 2024-2026 жылдарға арналған бюджет нақтылауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына сәйкес өткізіледі.
Ағымдағы жылдың ақпан-қазан айларында жүргізілген бюджетке түзетулер ескерілді.
Сондай-ақ аудан бюджетінің шығыс бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берген өтінімдеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бағыттау жүргізілді.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, аудан бюджетінің нақтыланған көлемі 5657,6 млн.теңгені құрайды.
«Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 82/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы 2024 жылғы 03 желтоқсан - 08 желтоқсан аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.