Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 82/8 «2024-2026 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 82/8 «2024-2026 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190705 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті тиісінше                      1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5130020 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1682761 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 26885 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 163901 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3256473 мың теңге;

2) шығындар – 5657529 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 49742 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 88608 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 38866 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 20852 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 20852 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 598103 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             5981003 мың теңге.»;

2) 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер мынадай мөлшерде ескерілсін:

184193 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде инженерлік инфрақұрылым бойынша  іс-шараларды іске асыруға;

440688 мың теңге – елді мекендерің жолдар мен көшелерін орташа жөндеуге және күтіп ұстауға;

          103019 мың теңге – елді мекендерде аббаттандыру және санитария жөніндегі іс-шаралар өткізуге;

31030 мың теңге – елді мекендерді жарықтандыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге;

8794 мың теңге – спорт нысандарын жөндеуге және орнатуға;

1608 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттырың, мемлекеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

961 мың теңге – мемлекеттік органның күрделі шығыстарына арналған.»;

3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
          2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихаттың төрағасы                                                                        

 

 

Даулетов Т.М.

Дата публикации
04 декабря 2024