Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8, 11-бабтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Железин ауданының елді мекендерінде жер учаскелерін бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1-13-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Павлодар облысы Железин ауданының елді мекендерінде жер учаскелері үшін төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері осы шешімнің 14-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 қазандағы “Павлодар облысы Железин ауданының елді мекендерінде жер учаскелері үшін бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы” № 327-5/41 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4794 болып тіркелген) шүші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.