Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес,Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің 1,2,3-қосымшаларына сәйкес Железин ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
- Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы «Железин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» №359-5/49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5038 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.