2024 жылғы 22 желтоқсанға белгіленген Павлодар облысы Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау 

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 13 қараша

 (113-1-б. 2, 3-т.)

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

2024 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей                                                                                                                                         

                                                                                   (22-б. 2-т.)

3. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

 2024 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары бойынша ақпаратты жариялау 

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей -

2024 жылғы 28 қарашадан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді жариялау

 

  Железин ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде -

2024 жылғы 28 қарашадан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

6. Әкім болуға кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар – өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе –

2024 жылғы 14 қарашасында басталып, 2024 жылғы 26 қарашасында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады                                                                                              

                                                                                (113-3-б. 1, 5-т.)

7. Әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен өзіне қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-5-б. 11-т. 2) т.т.)

 

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б. 8-1) т.т., 31-б.)

9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға  қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2024 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

 

 

Әкім болуға кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б.  2-т.)

 

12. Ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне – 2024 жылғы 1 қарашаға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Кандидатты тіркегенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және тиісті куәліктерді беру

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

2024 жылғы 14 қарашадан басталып, 2024 жылғы 1 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жабдықтау

 

 

Жергілікті атқарушы органдар

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін - 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу

 

 

Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 1 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2024 жылғы 21 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                                  (27-б. 2-т.)

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Жергілікті атқарушы органдар

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                               (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкімнің қолы қойылған сайлаушылар тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну

Железин ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 2 желтоқсанға дейін

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын

2024 жылғы 12 желтоқсанға дейін

(18-б. 5) т.т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және оған кемінде бір күн қалғанда

2024 жылғы 19 желтоқсаннан ерте емес және 21 желтоқсаннан кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

2024 жылғы 22 желтоқсан жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2024 жылғы 22 желтоқсанда, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8) т.т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін сайлау учаскесінің үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшін  арнайы белгіленген орынға ілу

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды ұсыну

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындыларын анықтау

 

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап үш күндік мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей

(113-10-б. 1 т.)

 

29. Бұқаралық ақпарат құралдарында Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарды жариялау

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 28 желтоқсаннан кешіктірмей

(44-б.)

30. Железин ауданы Майлы ауылдық округінің әкімінің тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

2024 жылғы 28 желтоқсаннан кешіктірмей

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзімде Конституциямен және сайлау туралы Конституциялық заңмен әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін

(45-б., 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.)

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Жоспар
Дата публикации
13 ноября 2024