«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабы 1 тармағының 3) тармақшасына және 3 тармағына сәйкес Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Железин ауданының Майлы ауылдық округінің әкімін сайлау 2024 жылғы22 желтоқсанға тағайындалсын.
- 2024 жылғы 22 желтоқсанғатағайындалған Железин ауданының Майлы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында, «Туған өлке» және «Родные просторы» аудандық газеттерінде жариялансын.
Комиссия төрағасы К.Кималиденов
Комиссия хатшысы М. Булатова