Железин ауданының Майлы ауылдық округі әкімінің сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 13 қарашадағы № 29 қаулысымен Железин ауданы Майлы ауылдық округінің шекарасында – Железин ауданы Майлы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша,  сайлау округі құрылды.

 

Железин аудандық аумақтық

 сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
13 ноября 2024