Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.11.2024 - 19.11.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.11.2024- 22.11.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
27.11.2024- 29.11.2024
Сұхбат: 04.12.2024
Анықтама телефоны: 87183140304
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Мәдени – бұқаралық шараларды ұйымдастыру және өткізу; сценарийлерді
дайындау және мәдени-ойынсауық іс-шараларын ұйымдастырып өткізуді
қамтамасыз ету, басқа да мәдениет және ұлттық, діни салт-дәстүр саласындағы
тәжірибелік шараларды өткізу. Аудан кітапханаларының, клубтарының және
басқа мәдени мекемелердегі жұмыс жағдайына бақылау және сараптама жасау.
Ауданның мәдени-бұқаралық өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Шығармашылық дарынды балаларды іздеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру.
Аудандағы шығармашылық ұжымдардың кәсіби іс-әрекетіне талдау жасау.
Тарихи-мәдени және басқа да заңнамалық функциялармен қарастырылған
міндеттерді сақтауды қамтамасыз ету. Өңірдің туристік саласын дамыту
жөніндегі тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен іс-шараларды, жоспарларды
әзірлеуді ұйымдастыру. Туристік саланы дамыту жөніндегі республикалық
және өңірлік жоспарлардың орындалуын жүзеге асыру. Железин ауданының
мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының Бас маманның
міндетіне кіретін басқа да тапсырмаларды орындау болып табылады.Өңірдің
туристік саласын дамыту бойынша өңірлік тұжырымдамаларды, бағдарламалар
мен іс-шараларды, жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру. Туристік саланы
дамыту жөніндегі республикалық және өңірлік жоспарларды орындауды
жүзеге асыру. Туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу.
Туристік саланы дамыту жөніндегі республикалық және өңірлік жоспарлардың
орындалуын жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
сызу және бейнелеу өнері, көркемөнер, журналистика, музыкалық білім,
бейнелеу өнері және сызу, мәдениеттану, вокалдық өнері, мүсін өнері,
мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, мәденитынығу жұмысы, туризм, музыка теориясы, мемлекеттік және жергілікті
басқару, сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері, өнер, вокалдық
өнер, кітапхана ісі, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау, өнер,
тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады