Железин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы                      1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» № 264 сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Железин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары белгіленсін және бекітілсін.
  2. Железин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы «Железин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 16/1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7203 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                   А. Шайхимов

Дата публикации
09 октября 2024