Железин ауданы әкімдігінің «Железин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысының жобасына Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес.

Әкімдік қаулысының жобасын қабылдаудың мақсаты ішкі нарықты өнімдермен молықтыру және тұтыну нарықтарындағы бағаларды тұрақтандыру, сондай-ақ Железин ауданы аумағында сауда қызметін ретке келтіру болып табылады

Әкімдік қаулысының жобасы 2020 жылғы 5 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан.

Дата публикации
07 октября 2020