Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Железин ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Железин аудандық

мәслихатының сессия төрағасы

 

Аты-жөні

Железин аудандық

мәслихатының хатшысы

 

 

П.Лампартер



Решение каз
Дата публикации
05 октября 2020