Железин аудандық мәслихатының «Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 82/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасына баспасөз релизі

Ауданның 2024-2026 жылдарға арналған бюджет нақтылауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына сәйкес өткізіледі.

Ағымдағы жылдың ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, шілде, тамыз айларында жүргізілген бюджетке түзетулер ескерілді.

Бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері 116 млн. теңгеге ұлғайтылды.

     Сондай-ақ аудан бюджетінің шығыс бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берген өтінімдеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бағыттау жүргізілді.

     Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, аудан бюджетінің нақтыланған көлемі 5695,4 млн.теңгені құрайды.

 «Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 82/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы 2024 жылғы 04 тамыз - 11 тамыз аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

 

Дата публикации
26 августа 2024