Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5164606 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1769112 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 22107 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 61313 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3212074 мың теңге;
2) шығындар – 5695446 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 49742 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 88608 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 38866 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 17240 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 17240 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 597822 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 597822 мың теңге.»;
2) 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер мынадай мөлшерде ескерілсін:
184193 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;
454275 мың теңге – елді мекендерің жолдар мен көшелерін орташа жөндеуге және күтіп ұстауға;
116319 мың теңге – елді мекендерде аббаттандыру және санитария жөніндегі іс-шаралар өткізуге;
32580 мың теңге – елді мекендерді жарықтандыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге;
14295 мың теңге – спорт нысандарын жөндеуге және орнатуға;
1074 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттырың, мемлекеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
704 мың теңге – мемлекеттік органның күрделі шығыстарына арналған.»;
3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихаттың төрағасы |
|
Даулетов Т.М. |