Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.08.2024 - 29.08.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 30.08.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
04.09.2024
Сұхбат: 09.09.2024- 11.09.2024
Анықтама телефоны: 87777813650
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі персоналды басқару қызметі кадырлық қызмет бөлімінің бас маманы,
E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердің мемлекеттік қызметшілерінің еңбек кітапшаларын тіркеу.
Орталықтандырылған, тәртіптік комиссияның хатшысы болып табылады,
мемлекеттік және еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды, тәртіптік жазалар,
мемлекеттік қызмет заңнамасының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
заңнамасының және Әдеп кодексінің сақталуы туралы есептерді дайындайды.
Біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жататын қызметкерлердің тізбесін
дайындау кестенің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен келісуін қамтамасыз етеді.
Enbek.kz ақпараттық жүйесінде жұмыстарды орындау (мәліметтерді енгізу,
шарттар жасасу, келісім-шарттарды бұзу). «Е-қызмет» интеграцияланған
ақпараттық жүйесінде жұмыстарды жүзеге асыру. Белгіленген мерзімге сәйкес
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің
тағылымдамаларын, тәлімгерліктерін, қызметін бағалауды ұйымдастыру.
Персоналды басқару мәселелері бойынша әкімдіктің нормативтік құқықтық
актілерінің (қаулыларының) жобаларын дайындау. Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу,
мемлекеттік қызметшілерді жоғарылату, қызметтік тергеу, мемлекеттік
қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту. Аудан әкімінің, аудан әкімінің
аппараты басшысының, персоналды басқару қызметі құрылымдық бөлімі
басшысының кадрлық іс жүргізу жұмыстары бойынша басқа да тапсырмаларды
орындау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
педагогика және психология, құқық, бизнес және басқару, жалпы дамудың
пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, тілдер және әдебиет
бойынша мұғалімдерді даярлау, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар,
журналистика және ақпарат, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,
юрист
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік
лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты
лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес
жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық
және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады